Өзіңізді сайлаушылар тізімінен тексеріңіз

Өзіңізді сайлаушылар тізімінен тексеріңіз

2021 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттары депутаттарының сайлауы өтеді. Сайлаушылар тізімдерінің сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысының әкімдігі saylau.orda.gov.kz веб-сайтын іске қосты.

Веб-сайтта сіз өзіңіздің жеке сәйкестендіру нөміріңізді (ЖСН) енгізіп, қай учаскеде дауыс бере алатыныңызды, сондай-ақ осы сайлау учаскесі қай мекен-жайда орналасқанын (Google картасында) көру үшін «Өзіңізді табыңыз» батырмасын пайдалана аласыз.

Сонымен қатар, сіз өзіңізді сайлаушылар тізімінен «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасындағы «Сайлау учаскесі» санаты бойынша тексере аласыз.
Егер сіз өзіңізді сайлаушылар тізімінен таппаған болсаңыз немесе көрсетілген сайлау учаскесінің шекарасында болмасаңыз, веб-сайтта өтініш қалдыра аласыз немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша веб-сайтта көрсетілген нөмірлермен, сондай-ақ 400-200, 109 байланыс орталықтарына қоңырау шала аласыз (ақысыз қоңырау) ...