«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру және «Д», «Е» санатындағы азаматтарды қолдау шаралары аясында жиын өтті

«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру және «Д», «Е» санатындағы азаматтарды қолдау шаралары аясында жиын өтті

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішевтің төрағалығымен жиын өтіп, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өндірістік кооперативтерді дамыту және отбасының цифрлық картасындағы «D» және «E» санатындағы азаматтарды «С» санатына көшіру бағытындағы жұмыстарды үйлестіру барысы талқыланды.

Жиынға «Ауыл аманаты» жобасы аясында кооперативтік жобаларды жүзеге асыру мен ҚР Үкіметінің жанындағы өңірлік саясат бойынша жобалық кеңсесінің Қызылорда облысындағы өңірлік менеджері Индира Ақжігітова арнайы келіп, аталған мәселе бойынша азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, өндірістік кооперативтерді дамыту тетіктері және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты шаралар талқыланды.

Жиында бағдарламаны тиімді іске асыру, ауыл тұрғындарының табысын арттыру және цифрлық картадағы төмен санаттағы отбасыларды қолдау бағытында нақты тапсырмалар мен ұсыныстар айтылды.