Наурызнама онкүндігі: мерейлі күн мерекелік концертке ұласты

Наурызнама онкүндігі: мерейлі күн мерекелік концертке ұласты

Бүгін Ұлттық киім күні. Халқымыздың құнды дүниесі, көркі мен сәніне айналған ұлттық киім бүгін өз мәнінде ұлықталды. Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық дәстүрлерге сай қаз қатар тігілген ақшаңқан үйлерде түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылып, тұрғындарға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Кешкілік мерекелік концерт өтіп, қала тұрғындары мен қонақтарына әсем ән мен көтеріңкі көңіл-күй тарту етілді.

Бұл жолғы шараларды Қарақұм, Жіңішкеқұм, Сексеуіл, Құланды, Беларан және Қамыстыбас ауылдары ұйымдастырды.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев ұйымшылдық танытып, белсенділік көрсеткен мәдениет және өнер қызметкерлерін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Мерекелік думанды кеш көрермендерге ерекше әсер қалдырды.