
Бүгін Үкімет отырысының күн тәртібінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының нормаларын іске асыру мәселесі қаралды. Осыған сәйкес аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішевтің төрағалығымен арнайы жиын өтті.
Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес қолдау тапқан Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы арқылы ендігі жерде еліміз үшін тарих жылнамасының жаңа парақтары ашылғанын жеткізді.
Ел тұрғындары бұл шешімді демократияның нышаны ретінде қабылдап, Мемлекет басшысының бастамаларына сенім артып, қолдау білдірді. Оның дәлелі ретінде кешегі өткен референдумда аудан тұрғындары, жалпы Сыр жұртшылығы ауызбіршіліктің ерекше үлгісін көрсеткенін айта кеткен жөн. Нәтижесінде аймақтар арасындағы дауыс беру көрсеткіші бойынша Сыр өңірі көш бастап, облысқа қарасты аудандар арасында Арал ауданы екінші орынға жайғасты.
Осындай көрсеткішке қол жеткізуде ауызбіршілік танытқан жұртшылығына және таңертеңнен референдум аяқталғанша қызмет еткен барша азаматтарға аудан әкімінің атынан алғыс айтып, ризашылығын жеткізді.
Жиында мұнан өзге алдағы мереке күндері кезекшілік бойынша үздіксіз жұмыс жүруі керектігі айтылып, қоғамдық тәртіп пен түнгі мезгілдердегі қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында рейд жұмыстарын қарқынды жүргізу жөнінде жауаптыларға бірқатар тапсырма жүктелді.