
Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен арнайы мәжіліс өтті. Жиында Үкімет отырысында қаралған тұрғын үй құрылысы саласын дамыту және цифрландыру мәселелері талқыланды.
Аудан әкімі бұл мәселенің өзектілігін атап өтіп, соңғы жылдары ауданда тұрғын үй құрылысы саласын цифрландыру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар кейбір жұмыстарда кемшіліктер бар екенін ескертіп, тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы қатаң бақылауда болатынын жеткізді.
Жиын аталған мәселен кеңінен талқыланып, салаға жауапты бөлім басшылары мен жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарының есептері тыңдалып, бірқатар міндеттер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.