Аудан әкімі «amanat» партиясы облыстық филиалы төрағасымен кездесті

Аудан әкімі «amanat» партиясы облыстық филиалы төрағасымен кездесті
Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартаймен кездесті.
Кездесу барысында ауданда партияның жобалары мен сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы, Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді жергілікті деңгейде іске асыру мәселелері талқыланды.
Кездесуде партиялық жобаларды тиімді іске асыру арқылы аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру және партияның алға қойған мақсаттары мен жоспарларының орындалу барысы сөз болды.
Жандос Нұртайұлы алдағы уақытта да аудан халқының әл-ауқатын арттыру бойынша партия тарапынан қолға алынуы тиіс бірлескен жобалардың іске аса беретінін жеткізді.