Арал ауданында рейдтік шаралар жалғасуда

Арал ауданында рейдтік шаралар жалғасуда
⚡️Арал ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарының орындалуын бақылау мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізілді. Іс-шараға аудандық экономика және қаржы бөлімі, тиісті бөлімдер мен мекемелердің өкілдері, білім беру ұйымдары, ата-аналар комитеті және полиция қызметкерлері қатысты.
⚡️Рейд барысында дүкендер, кафе және компьютерлік ойын-сауық орталықтарында алкоголь өнімдері мен зиянды заттардың заңсыз сатылуы, сондай-ақ кәмелет жасқа толмағандарға қатысты талаптардың сақталуы тексерілді.
⚡️Заң бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар бұдан былай да жүйелі түрде жалғасатын болады.