Бүгін қала орталығындағы «Эврика»сауда үйінің алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Аудан тұрғындарының күнделікті азық-түлік өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандырып, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында өткен жәрмеңкеге кент және ауылдық округтерден 2 тонна ет (сиыр, жылқы, түйе), 200 литр шұбат, 2,4 тонна балық, 2 тонна ас тұзы сатылымға шығарылды. Бұдан басқа, аудандағы балық өңдейтін 3 кәсіпорыннан барлығы 5 тонна балық және балық өнімдері, көкөніс пен күнделікті қажет ететін азық-түлік тауарларын сататын жеке кәсіпкерлер автокөлікпен 4 тоннаға жуық тауарлардың және төмен бағада 25 тонна күріш өнімдерінің сатылымы ұйымдастырылды.