Тазалық пен жарнама мәдениеті қатаң бақылауда

Тазалық пен жарнама мәдениеті қатаң бақылауда

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында қала аумағында санитарлық жағдайды жақсарту және ескірген, заң талаптарына сай келмейтін жарнама билбордтарын бақылау мақсатында Арал аудан әкімдігі жанынан құрылған арнайы жұмысшы топ бақылау шараларын жүргізді.

Бақылау барысында бірқатар кәсіптік нысандар мен жеке тұрғын үйлер тексеріліп, абаттандыру талаптары, санитарлық нормалар және заңға сәйкес келмейтін ескірген жарнамалар жөнінде түсіндірме жүргізілді.

Заң талаптарын бұзған нысан иелеріне ресми ескертулер беріліп, талаптарды елемегендерге тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ құрылыс қалдықтарын рұқсатсыз тастау, аумақты ластау және эстетикалық талаптарды бұзу бойынша да шаралар қолданылды.

Бұл жұмыстар – Арал қаласының тазалығы мен көркіне мән беруге, тұрғындар арасында экологиялық және көрнекі жарнама мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Таза әрі көрікті Арал – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!