Ауданда жылу беру маусымы басталды

Ауданда жылу беру маусымы басталды

Aya paйының төмендеуіне байланысты Арал ауданында 2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымы аудан әкімінің өкіміне сәйкес 2025 жылдың 14 қазаны күні басталды.

Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Ш.Есжанов бірқатар құзырлы бөлім басшыларымен бірге қаладағы әлеуметтік нысандарды аралап, жылу беру кезіндегі ахуалды бақылады.

Аудан әкімінің орынбасары жауапты бөлім басшыларына жылу беру кезінде бу қазандықтары мен ғимараттардың ішкі жылу желілерін ұдайы бақылауда ұстап, ахуалды жиі баяндап отыруды тапсырды.