Жол қаупісіздігіне байланысты бірқатар мәселе қаралды

Жол қаупісіздігіне байланысты бірқатар мәселе қаралды

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру туралы және Жол жүрісі мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар мәселелер назарға алынды. Аудан әкімі жиын барысында Жолдаудан туындайтын маңызды мәселелерді ұдайы назарда ұстап, алдағы міндеттерді айқындау қажеттігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар Жолдауды іске асыру жөнінде кең ауқымда арнайы идеологиоялық актив отырысын өткізіп, нақты тетіктерді саралау керектігін жеткізді. Жиында мұнан өзге жол жүрісі мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Биылғы жылы ауданымыздың жол құрылысын дамыту бағытында 31 шақырымға жуық жол жөнделуде. Жыл қорытындысымен жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін 55,8 пайызға жеткізу жоспарлануда. Ол үшін жол құрылысы жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету маңызды. Аудан басшысы жиын барысында осы мәселелерді ерекше назарға алып, жол құрылысы мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және темір жол саласы бойынша атқарылуы тиіс бірқатар жұмыстарға сәйкес жауапты тұлғаларға маңызды тапсырма жүктеді.