Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев кезекті жұмыс сапарымен Сексеуіл кентіне барып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 300 орындық мектеп ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Бүгінгі күнде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілу үстінде. Құрылысқа жалпы 100 ге жуық адам жұмылдырылған. Қазіргі таңда ғимарттың ішкі әрлеу жұмыстары жүруде. Білім ордасының аумағын абаттандыру бойынша да жұмыстар басталып кеткен. Жаңа әрі жайлы үлгідегі білім ордасы ағымдағы жылдың жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Білім ордасының құрылысын көрген аудан әкімі жұмыстың әлі де мардымсыз жүргізіліп жатқанын алға тартып, нысанның мерзімінде әрі сапалы түрде халық игілігіне берілуі үшін барлық мүмкіндіктік қарастырып, қажет болса екі ауысыммен жұмыс жүргізу керектігін ескертті.
Мұнан соң кент орталығындағы ескі темір жол бекетіне аялдады. Тозығы жеткен көне ғимарат қазірдің өзінде қабырғалары қисайып, жарық түскен күйде тұр.
Аудан әкімі жолаушылар арылмайтын темір жол бекетінің ғимараты әркез талапқа сай болуы керек екенін баса айтып, ғимарат ескі болғандықтан құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында салғырттыққа бой алдырмау керектігін қатаң ескертті.