Аудан әкімі Жаңақұрылыс ауылының тұрғындарымен жүздесті

Аудан әкімі Жаңақұрылыс ауылының тұрғындарымен жүздесті

Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев жұмыс сапарымен Жаңақұрылыс аулына барып, тұрғындармен кездесті.

Ауылдағы мектеп ғимаратында тұрғындармен жүздесіп, жыл басынан бері өңірдегі атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті. Жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар жөнінде айтып, біткен істер бойынша сөз сабақтады.

Ауылдағы өзекті деген мәселелер де аудан әкімінің назарынан тыс қалған жоқ. Кейбір мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келе жатқанына тоқталып, тұрғындар тарапынан түскен өтініштердің барлығы заңдылығына сай қаралып, шешуге жұмыс жасалатындығын жеткізді.

Ауыл тұрғындары жайылымдық жерлерді суландыруда маңызы зор каналдарды су өткізуде кедергісіз жұмыс жасауына мүмкіндік жасауды алға тартты. Сонымен қатар ел арасына қатынас жасауда маңызға ие жолдардың жай-күйі сөз болды. Аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің барлығы да өзекті екенін айтып, алдағы уақытта шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді. Мүмкіндік келетін жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтауға тырысып, қаржыны көп талап ететін маңызды жолдардың жайын күн тәртібінен түсірмей, шешу жолдарын қарастыруға күш салынатындығын жеткізді.

Тұрғындар тарапы аудан көлемінде істеліп жатқан жұмыстардың барлығынан хабардар екенін айтып, оңға басқан бастамаларға сәттілік тіледі.