
Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының 2026 жылғы 26 маусымдағы № 47 бұйрығына сәйкес, бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізілуде. Осыған байланысты, Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың 24 шілдесі күні Арал қаласы, Астана көшесі № 35 мекенжайда (3 қабат, № 39 кабинет) жария талқылау өтетіндігін хабарлаймыз.