
Арал ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 03-1/24 бұйрығына сәйкес, Арал ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізілуде.
Осыған байланысты, Арал дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Арал ауданы, Арал қаласы, Бекмырзахан көшесі 11 «а» мекен жайында орналасқан ғимаратта жария талқылау өтетіндігін хабарлаймыз.