
«Арал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылаудың өткізілетіндігін хабарлайды. Талдау барысында бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жұмыс бағыттары зерделенді.
Осыған байланысты, «Арал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың 15 маусымда Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі № 58 мекен жайында орналасқан ғимаратта жария талқылау өтетіндігін хабарлаймыз.