
Арал ауданының әкімі А.Оңғарбаевтың 2026 жылғы 05 наурыздағы № 7-ө/нқ өкімімен сәйкес, «Арал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» және «Арал ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізілуде.
Осыған байланысты, «Арал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» және «Арал ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Арал ауданы, Арал қаласы, Астана № 33 мекен жайында орналасқан Арал ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында жария талқылау өтетіндігін хабарлаймыз.