Лого
Меню
Страницы

Жалағаш ауданында ең берік отбасылар

Жалағаш ауданында ең берік отбасылар

Қызылорда облысының Жалағаш ауданы отбасы-некелік қатынастар саласында бірегей көрсеткіш көрсетті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданда АХАТ органдары арқылы бірде-бір ажырасу тіркелмеген. Бұл көрсеткіш өңірлік қана емес, республикалық деңгейде де сирек кездесетін құбылыс болып табылады.

Ажырасулардың ең көп саны облыс орталығы – Қызылорда қаласына тиесілі. Мұнда бір жыл ішінде 197 отбасы ажырасқан, бұл облыс бойынша тіркелген ажырасулардың жартысынан астамын құрайды. Ажырасу саны бойынша екінші орында – Байқоңыр қаласы, үшінші орында – Жаңақорған ауданы.

2024 жылдың осыған ұқсас кезеңінде Жалағаш ауданында 7 неке бұзу фактісі тіркелген болатын. Жалпы облыс бойынша өткен жылы 3 792 неке қиылып, 338 ажырасу тіркелді. Бұл ретте ажырасулардың жалпы саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 14 пайызға төмендеген.

Айта кету керек, өңірде ажырасу деңгейінің төмендеуі отбасы институтының нығаюы мен отбасылық құндылықтарға жауапкершілікпен қараудың қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Жалағаш ауданының тәжірибесі қазіргі үрдістер сақталған жағдайда, ажырасу көрсеткіштерін төмендету бойынша нәтижелерді биылғы жылы да жақсартуға болатынын айқын дәлелдейді.

Социальные медиа
Facebook
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері