
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және 2021 жылғы 25 шілдеде өткізілген ауылдық округтер әкімдерін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының қоса беріліп отырған хаттамалары негізінде Арал аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауылдық округтер әкімдерін сайлау өтті деп танылсын.
2. Ауылдық округтерінің әкімдері сайланған болып есептелсін:
1) Ақирек ауылдық округіне - Ниязымбетов Аралбай Кудайбергенович
2) Аманөткел ауылдық округіне - Абдраманов Кайрат Шындалиевич
3) Бекбауыл ауылдық округіне - Султанов Мейрбек Бурибаевич
4) Беларан ауылдық округіне - Есенов Турганбай Абилкайрович
5) Бөген ауылдық округіне - Андызбаев Шомен Бикожаевич
6) Жаңақұрылыс ауылдық округіне - Абдраимов Бигали Ералиевич
7) Жіңішкеқұм ауылдық округіне - Алишев Мухансерик Куандыкович
8) Қарақұм ауылдық округіне - Бозғұл Мұхтар Жүгінісұлы
9) Қосжар ауылдық округіне - Әбдікеров Мади Жаксыбаевич
10) Құланды ауылдық округіне - Ердіқалықов Заманбек Маратұлы
11) Мергенсай ауылдық округіне - Кутмамбетов Марат Хангенеевич
12) Райым ауылдық округіне - Карауымбетов Уристем Мастыбаевич
3. 2021 жылғы 25 шілдеде өткізілген ауылдық округтер әкімдерін сайлаудың қорытындылары туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының қосымшасына сай жариялансын.
Арал аудандық сайлау комиссиясы
төрағасының орынбасары М.Балманов
Арал аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Ш.Бисеналиева
2021 жылғы 25 шілде,
№ АСК-102