Лого

Меню

Страницы

Статья

Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша атқарылған жұмыстар

Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2024 жылдың І-тоқсаны бойынша атқарған жұмыстар

2024 жылдың 1 сәуіріне Мансап орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны 2486 адам. 

Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 891 адам тартылды. 2024 жылдың 3 айында 58 тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылды.

Жыл басынан хабарласқан мүгедектігі бар адамдар саны 58. Олардан тұрақты жұмысқа орналасқандары 7 адам, қоғамдық жұмысқа жіберілгені 31, жастар практикасына 3 адам. Есепті кезеңнің аяғына жұмыссыздар саны 51 адам.

Жыл басынан 3-рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. 17 мекемеден 92 бос жұмыс орындары ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкеге барлығы 168 адам қатысты. Оның ішінде 25 адам тұрақты жұмысқа, 17 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды. Сонымен қатар 173 адамға ҚР «Еңбек  кодексіне», ҚР «Әлеуметтік кодексіне» сәйкес және Ұлттық бағдарлама бағыттары бойынша консультациялар берілді.

Жазасын өтеп келгендерге жататын жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде  ҚАИ есебіндегі 13 адам тіркеліп, 5 адам тұрақты, 8 адам қоғамдық жұмысқа жолданды.

Жергілікті атқарушы орган арқылы «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту мемлекеттік көрсетілетін қызметі» бойынша 40 адамға рұхсат берілді, 7-не ұзарту қызметі көрсетіліп, барлығы 47 мемлекеттік қызмет көрсетілді.  

2024 жылдың наурыз айына тіркелген жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайызды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 5,0 пайыз.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2023 жыл көлемінде атқарған жұмыстар

2024 жылдың 1 қаңтарына Мансап орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны 5346 адам.

Тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқандар саны 3039 адам.

Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 797 адам тартылды. 2023 жылдың 12 айында 1631 тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылды.138 адам жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алды.  

Жыл басынан хабарласқан мүгедектігі бар адамдар саны 255. Олардан тұрақты жұмысқа орналасқандары 31 адам, 22 адам қайтарымсыз грант алды, қоғамдық жұмысқа жіберілгені 33, жастар практикасына 9 адам. Бастау бизнеске 71 адам оқуда. Есепті кезеңнің аяғына жұмыссыздар саны 180 адам.

Жыл басынан 12-рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. 87 мекемеден 561 бос жұмыс орындары ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкеге барлығы 972 адам қатысты. Оның ішінде 297 адам тұрақты жұмысқа, 40 адам қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмысқа 2, жастар тәжірибесіне 17 адам жолданды. Сонымен қатар 947 адамға ҚР «Еңбек  кодексіне», ҚР «Әлеуметтік кодексіне» сәйкес және Ұлттық бағдарлама бағыттары бойынша консультациялар берілді.

Жазасын өтеп келгендерге жататын жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде ҚАИ есебіндегі 19 адам тіркеліп, 14 адам тұрақты, 3 адам қоғамдық жұмысқа,
1 жастар тәжірибесіне жолданды, 1 адам грант алды.

Жергілікті атқарушы орган арқылы «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту мемлекеттік көрсетілетін қызметі» бойынша 161 адамға рұхсат берілді, 44-не ұзарту қызметі көрсетіліп, барлығы 205 мемлекеттік қызмет көрсетілді.   

2023 жылдың желтоқсан айына тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,6 пайызды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 5,0 пайыз.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2023 жылдың ІІІ-тоқсаны бойынша атқарған жұмыстар

Халықты жұмыспен қамту бойынша:

2023 жылдың 1 қазанына Мансап орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны 4339 адам.

Тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқандар саны  1343 адам.

Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 764 адам тартылды. 2023 жылдың 9 айында 1138 тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылды. 70 адам жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алды.  

Жыл басынан хабарласқан мүгедектігі бар адамдар саны 219. Олардан тұрақты жұмысқа орналасқандары 26 адам, 10 адам қайтарымсыз грант алды, қоғамдық жұмысқа жіберілгені 28, жастар практикасына 9 адам. Бастау бизнеске 70 адам оқуда. Есепті кезеңнің аяғына жұмыссыздар саны 183 адам.

Жыл басынан 9-рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. 60 мекемеден 241 бос жұмыс орындары ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкеге барлығы 633 адам қатысты. Оның ішінде 97 адам тұрақты жұмысқа, 40 адам қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмысқа 2, жастар тәжірибесіне 17 адам жолданды. Сонымен қатар 467 адамға ҚР «Еңбек  кодексіне», ҚР «Әлеуметтік кодексіне» сәйкес және Ұлттық бағдарлама бағыттары бойынша консультациялар берілді.

Жазасын өтеп келгендерге жататын жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде  ҚАИ есебіндегі 15 адам тіркеліп, 8 адам тұрақты, 3 адам қоғамдық жұмысқа,
1 жастар тәжірибесіне жолданды, 1 адам грант алды.

Жергілікті атқарушы орган арқылы «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту мемлекеттік көрсетілетін қызметі» бойынша 128 адамға рұхсат берілді, 26-не ұзарту қызметі көрсетіліп, барлығы 154 мемлекеттік қызмет көрсетілді.  

2023 жылдың тамыз айына тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 5,0 пайыз.

Әлеуметтік  төлемдер бойынша:

2023 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 105 252,0 мың теңге қаржы қаралып, 9 айда 259 отбасына (1544 отбасы мүшелеріне) 82108,2 мың теңге тағайындалып, төленді.

Тұрғын үй көмегіне 5 369,0 мың теңге қаржы қаралып, 92 отбасындағы 314 адамға 2184,1 мың теңге тағайындалып, төленді.

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмектер:

Туберкулез ауруымен амбулаториялық емдеуде жүрген адамдарға әлеуметтік көмекке 30636,0  мың теңге қаржы қаралып, 72 адамға 13731,0 мың теңге тағайындалып, төленді. (1 адамға 10*3450=34500 теңге)

Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гемотологиялық аурулармен диспансерлік есепте тұрған балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге 1888,0 мың теңге қаржы қаралып, 7 балаға 1599,1 мың теңге тағайындалып,   төленді. (1 балаға 7,6*3450=26220 теңге)

 Жекелеген санаттар бойынша датылы және мерекелік күндерге жүргізілген әлеуметтік төлемдер:

 Ауғанстан соғысының 27 қатысушысына 3726,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді;

Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушы 8 адамға 1104,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді;

1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған 482 адамға – 66364,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді;

Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің басқа некеге тұрмаған 4 әйеліне 552,0 мың тенге біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді;

Тәжікстан-Ауғанстан учаскесіндегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған 18 адамға 2484,0 мың теңге және Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшысы және қатардағы құрамының 10 адамына 1380,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді;

Семей ядролық полигоны сынақтарына тікелей қатысқан 28 адамға 3863,9 мың теңге біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді;

Мүгедектігі бар балаларды үйден оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге 6 597,0 мың теңге қаржы қаралып, 9 айда 87 балаға 4 319,0 мың теңге тағайындалып, төленді.

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына 30 254,0 мың теңге қаржы қаралып, 2544 маманға 35 107,2 мың теңге тағайындалып, 30 254,0 мың теңгесі төленді.

2023-2024 оқу жылына Өңірге қажетті мамандықтар бойынша облыс әкімінің оқу грантына 47 студентке 37 816,2 мың теңге тағайындалып, төленді.

ҚР-ның «Отан», «Данқ» ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 4 азаматқа               243,0 мың теңге тағайындалып, төленді.

Аудандағы тұрмыс жағдайы төмен 2065 отбасыға 25 212,0 мың теңге көлемінде демеушілер тарапынан қайырымдылық көмек жасалды.

«Арал аудандық отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың қыркүйек айында атқарылған  жұмыстары.

«E-GOV» элетронды үкімет порталы арқылы қызмет алуы бойынша жәрдемдесу :

Жер телімін алуға – 3

Балабақшаға кезекке қою – 5

Әлеуметтік порталдан оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша:

Әлеуметтік қызмет көрсету  порталынан мүгедектігі бар адамды аблитациялау мен оңалтулың жеке бағдарламасына сәйкес  484 қызмет алушыға тапсырыс беруге  жәрдемдесу жұмыстары атқарылды.

Тегін оқу  курстары бойынша:

Тігінші мамандығына - 7 адам оқып, 5 адам сертификат алды;

Шаштараз мамандығына - 7 адам оқып, 3 адам сертификат алды;

Маникюр мамандығына – 1 адам оқып, 1 адам сертификат алды;

Массажист мамандығына – 8 адам оқып, 8 адам сертификат алды;

Ұсақ моншақтар бойынша -3 адам оқып, 3 адам сертификат алды.

Логопед қызметі бойынша:

Логопед маманынан – 8 бала қызмет алуда.

Психолог қызметі бойынша:

Психолог маманынан – 5 бала қызмет алуда.

Белсенді ұзақ өмір сүру терапиясы және спорт қызметі бойынша:

Теннис спорт түрінен – 5 адам;

Шахмат, дойбы спорт түрлерінен -  4 адам;

Тренажерлық жаттығу құралдарымен -11 адам шұғылдануда.

Белсенді ұзақ өмір сүру терапияасы бойынша - 2 адам;

Өткізілген іс шаралар бойынша:

Іс шаралар саны

Мүгедектігі бар адамдардың оңалту бағдарламасы бойынша

260 жүріп-тұруы қиын І топ мүгедектігі бар адамдарға -  260 жеке көмекшілер қызмет жасады, жеке көмекшілердің қызметіне бюджеттен 276471,0 мың теңге қаралып, оның 245768,3 мың теңгесі төленді. 33 тіл-құлақ кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарға - 5 ымдау тілі маманы қызмет көрсетті, ымдау тілі мамандарына 13200,0 мың теңге қаралып, оның 8770,5 мың теңгесі төленді.

Мүгедектігі бар адамдардың оңалту бағдарламасы бойынша қажетті құралдармен қамтамасыз ету шаралары іске асырылуда.

2023 жылға міндетті гигиеналық құралдарға бюджеттен 135179,0 мың теңге қаралды, бүгінгі таңға  380 мүгедектігі бар адамдардың гигиеналық құралдарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы берілген тапсырыстары бойынша 110538,7 мың теңгесі төленіп, гигиеналық құралдары үйлеріне жеткізілді.

Мүгедектігі бар адамдардың оңалту бағдарламасына сәйкес: 

протездік-ортопедиялық көмек– 202 адамға;

тифлотехникалық құралдар– 268 адамға;

сурдотехникалық құралдар – 37 адамға;

жүріп-тұру құралдары – 81 адамға;

санаториялық-курорт – 104 адам ем алды.

Қызылорда қаласында орналасқан «Талсуат-мүгедектерді оңалту орталығына» ем алуға 43 мүгедектігі бар адам, 7 қарт жолданды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен «Арал ауданы мүгедектер ұйымы қоғамдық бірлестігі» 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі  25 балаларға күндіз болу бөлімшесі бойынша жартылай стационар жағдайында қызмет көрсетеді.

Жеке оңалту бағдарламасына Қызылорда қаласында орналасқан № 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына мүгедектігі бар 8 адам, №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 1 жалғызбасты қарт жолданды.

Сонымен қатар, мүгедектерді тасымалдау (инватакси) қызметін ұйымдастыруға бюджеттен 8562,0 мың теңге бөлініп, оның 8160,0 мың теңгесі игерілді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «Арал қаласы бойынша мүмкіндіктері шектеулі мүгедектерді қорғау және қолдау» қоғамдық бірлестігімен келісім шарт жасалып, олардан 3 автокөлікпен 68 мүгедектігі бар адамдарды тасымалдады.

Үйден әлеуметтік қызмет көрсету бойынша аудан бойынша 104 мүгедектігі бар балаларға 31 әлеуметтік қызметкер, 87 жалғызілікті қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға 18 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.                               

8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ауданымыздағы 20 анаға , атап айтқанда І-топ мүгедектігі бар аналар, жалғызілікті қарт аналар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарымызға  сый – сияпаттар табысталып, аудан әкімінің «Құттықтауымен» марапатталды.

Арал ауданының 95 жылдығына орай ерекше жандарымыздың қатысуымен «Жанашырлыққа – жан риза» атты өнер фестивалі өткізілді. Жан – жақты өнерлерімен тәнті қылған  24 өнерпазымыз аудан әкімінің «Құттықтауымен» марапатталып, сый-сияпат табысталды.

1-маусым Халықаралық балалар күніне орай ерекше балалардың қатысуымен өнер фестивалі өткізілді. Фестивальға қатысқан 57 мүгедектігі бар балаларға сый-сияпаттар беріліп, аудан әкімі орынбасарының «Құттықтауымен» марапатталды. Сонымен қатар, мереке қарсаңында үйден әлеуметтік қызмет алып отырған 100 балаға бөлім тарапынан сый-сияпаттар табысталды.

1-қазан Халықаралық қарттар мерекесі аудан көлемінде ауқымды аталып өтілді. Мүгедектермен қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде тұрған 87 қызмет алушыны мерекемен құттықтап, сый-сияпаттар табыс етілді.


Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің 2023 жылдың мамыр айына атқарған жұмыстары туралы МӘЛІМЕТ

Халықты жұмыспен қамту бойынша:

2023 жылдың 1 маусымына жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны 2993 адам.

Тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқандар саны 593 адам.

Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 731 адам тартылды. 2023 жылдың сәуір айында 333 тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылды. (Сәуір айында ашылған кәсіпкерлік субъектілері).

Жыл басынан хабарласқан мүгедектігі бар адамдар саны 166. Олардан тұрақты жұмысқа орналасқандары 15 адам, қоғамдық жұмысқа жіберілгені 28, жастар практикасына 3 адам. Бастау бизнеске 55 адам оқуда. Есепті кезеңнің аяғына жұмыссыздар саны 145 адам.

Жыл басынан 5-рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. 23 мекемеден 79 бос жұмыс орындары ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкеге барлығы 369 адам қатысты. Оның ішінде 55 адам тұрақты жұмысқа, 19 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды. Сонымен қатар 195 адамға ҚР «Еңбек  кодексіне», ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес және Ұлттық бағдарлама бағыттары бойынша консультациялар берілді.

Жазасын өтеп келгендерге жататын жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде ҚАИ есебіндегі 12 адам тіркеліп, 7 адам тұрақты, 3 адам қоғамдық жұмысқа,
1 жастар тәжірибесіне жолданды, 1 адам грант алды.

2023 жылы жергілікті атқарушы орган арқылы «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту мемлекеттік көрсетілетін қызметі» бойынша 40 адамға рұхсат берілді, 3-не ұзарту қызметі көрсетіліп, барлығы 43 мемлекеттік қызмет көрсетілді.  

2023 жылдың мамыр айына тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 5,0 пайыз.

  Әлеуметтік  төлемдер бойынша:

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке ағымдағы жылға 137 796,0 мың теңге қаржы қаралды.

2023 жылдың 5 айында 250 отбасына (1491 отбасы мүшелеріне) 52010,5 мың теңге тағайындалып, 43148,6 мың теңгесі төленді.

Тұрғын үй көмегі 2023 жылға жергілікті бюджеттен аз қамтамасыз етілген отбасыларға 10850,0 мың теңге қаржы қаралды.

2023 жылдың 5 айында 92 отбасындағы 314 адамға 2184,1 мың теңге тағайындалып, төленді.

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмектер

Аудан бойынша мамандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің  сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға төленетін әлеуметтік  көмекке 2023 жылға  облыстық  бюджеттен 30636,0  мың теңге қаралып, 5 айда 60 адамға 7521,0 мың теңге тағайындалып, 5934,0 мың теңгесі төленді. (1 адамға 10*3450=34500 теңге)

Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гемотологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге 2023 жылға облыстық бюджеттен 1888,0 мың теңге қаралып, 5 айда 7 балаға 865,1 мың теңге тағайындалып, 681,6 мың теңгесі төленді. (1 балаға 7,6*3450=26220 теңге)

Жекелеген санаттар бойынша датылы және мерекелік күндерге жүргізілген әлеуметтік төлемдер:

Ауғанстан соғысының 27 қатысушысына 3726,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді;

Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушы 8 адамға 1104,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді;

1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған 482 адамға – 66364,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді;

Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің басқа некеге тұрмаған 4 әйеліне 552,0 мың тенге біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді;

Тәжікстан-Ауғанстан учаскесіндегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған 18 адамға 2484,0 мың теңге және Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшысы және қатардағы құрамының 10 адамына 1380,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді;

Семей ядролық полигоны сынақтарына тікелей қатысқан 28 адамға 3863,9 мың теңге біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді;

ҚР-ның «Отан», «Данқ» ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 4 азаматқа 5 айда 131,1 мың теңге тағайындалып, төленді.

Мүгедектігі бар адамдардың оңалту бағдарламасы бойынша

2023 жылдың 5 айында 257 жүріп-тұруы қиын І топ мүгедектігі бар адамдарға -  257 жеке көмекшілер қызмет жасады, жеке көмекшілердің қызметіне бюджеттен 226471,0 мың теңге қаралып, оның 115419,1 мың теңгесі төленді. 33 тіл-құлақ кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарға - 5 ымдау тілі маманы қызмет көрсетті, ымдау тілі мамандарына 13200,0 мың теңге қаралып, оның 4155,3 мың теңгесі төленді.

Мүгедектігі бар адамдардың оңалту бағдарламасы бойынша қажетті құралдармен қамтамасыз ету шаралары іске асырылуда.

2023 жылға міндетті гигиеналық құралдарға бюджеттен 93179,0 мың теңге қаралды, бүгінгі таңға  380 мүгедектігі бар адамдардың гигиеналық құралдарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы берілген тапсырыстары бойынша 79123,2 мың теңгесі төленіп, гигиеналық құралдары үйлеріне жеткізілді.

Мүгедектігі бар адамдардың оңалту бағдарламасына сәйкес 2023 жылдың 5 айында:

протездік-ортопедиялық көмек– 111 адамға;

тифлотехникалық құралдар– 135 адамға;

сурдотехникалық құралдар – 9 адамға;

жүріп-тұру құралдары – 35 адамға;

санаториялық-курорт – 18 адам ем алды.

2023 жылдың 5 айында Қызылорда қаласында орналасқан «Талсуат-мүгедектерді оңалту орталығына» ем алуға 19 мүгедектігі бар адам, 1 қарт жолданды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен «Арал ауданы мүгедектер ұйымы қоғамдық бірлестігі» 2023 жылдың 5 айында 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 25 балаларға күндіз болу бөлімшесі бойынша жартылай стационар жағдайында қызмет көрсетеді.

Жеке оңалту бағдарламасына Қызылорда қаласында орналасқан № 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына мүгедектігі бар 6 адам, №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 1 жалғызбасты қарт жолданды.

Сонымен қатар, мүгедектерді тасымалдау (инватакси) қызметін ұйымдастыруға 2023 жылға бюджеттен 5562,0 мың теңге бөлініп, оның 3858,5 мың теңгесі игерілді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «Арал қаласы бойынша мүмкіндіктері шектеулі мүгедектерді қорғау және қолдау» қоғамдық бірлестігімен келісім шарт жасалып, олардан 3 автокөлікпен 55 мүгедектігі бар адамдарды тасымалдады.

Үйден әлеуметтік қызмет көрсету бойынша аудан бойынша 112 мүгедектігі бар балаларға 32 әлеуметтік қызметкер, 91 жалғызілікті қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға 18 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.                               

8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ауданымыздағы 20 анаға , атап айтқанда І-топ мүгедектігі бар аналар, жалғызілікті қарт аналар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарымызға сый – сияпаттар табысталып, аудан әкімінің «Құттықтауымен» марапатталды.

Арал ауданының 95 жылдығына орай ерекше жандарымыздың қатысуымен «Жанашырлыққа – жан риза» атты өнер фестивалі өткізілді. Жан – жақты өнерлерімен тәнті қылған 24 өнерпазымыз аудан әкімінің «Құттықтауымен» марапатталып, сый-сияпат табысталды.

1-маусым Халықаралық балалар күніне орай ерекше балалардың қатысуымен өнер фестивалі өткізілді. Фестивальға қатысқан 57 мүгедектігі бар балаларға сый-сияпаттар беріліп, аудан әкімі орынбасарының «Құттықтауымен» марапатталды. Сонымен қатар, мереке қарсаңында үйден әлеуметтік қызмет алып отырған 100 балаға бөлім тарапынан сый-сияпаттар табысталды. 

Азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша:

2023 жылдың  мамыр айында тіркелген акт жазбаларының саны – 1056

Оның ішінде:

Туу туралы актілер – 743;

Қайтыс болу туралы актілер –166

Неке қию туралы актілер – 139;

Некені бұзуды тіркеу туралы актілер – 8;

Әке болуды анықтау туралы актілер – 0;

Бала (қыз) асырап алу туралы актілер – 0;

Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы актілер – 0 ;


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2023 жылдың І-тоқсаны бойынша атқарған жұмыстар

2023 жылдың 1 сәуіріне жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны 2222 адам.

Тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқандар саны 239 адам.

Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 710 адам тартылды. 2023 жылдың ақпан айында 113 жаңа жұмыс орындары ашылды. Тұрақты орындар 113 (ақпан айында ашылған кәсіпкерлік субъектілері).

Жыл басынан хабарласқан мүгедектігі бар адамдар саны 123. Олардан тұрақты жұмысқа орналасқандары 12 адам, қоғамдық жұмысқа жіберілгені 28, жастар практикасына 2 адам. Бастау бизнеске 42 адам оқуда. Есепті кезеңнің аяғына жұмыссыздар саны 111 адам.

Жыл басынан 3-рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. 16 мекемеден 69 бос жұмыс орындары ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкеге барлығы 341 адам қатысты. Оның ішінде 38 адам тұрақты жұмысқа, 17 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды. Сонымен қатар 149 адамға ҚР «Еңбек  кодексіне», ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес және Ұлттық бағдарлама бағыттары бойынша консультациялар берілді.

Жазасын өтеп келгендерге жататын жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде  ҚАИ есебіндегі 7 адам тіркеліп, 4 адам тұрақты, 3 адам қоғамдық жұмысқа жолданды.

2023 жылы жергілікті атқарушы орган арқылы «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту мемлекеттік көрсетілетін қызметі» бойынша 2 адамға рұхсат берілді, 4-не ұзарту қызметі көрсетіліп, барлығы 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді.  

2023 жылдың наурыз айына тіркелген жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 5,0 пайыз.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2022 жылдың ІІI-тоқсаны бойынша атқарған жұмыстар

2022 жылдың 1 қазанына жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны 4235 адам.

Тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқандар саны  1389 адам.

Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 838 адам тартылды.                                                 

2022 жылдың 8 айы бойынша ауданда 1644 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 581 тұрақты жұмыс орындары.          (9 айдың қортындысы ағымдағы жылдың 10 қазанынан кейін министірлік арқылы шығады).

Мүгедектік топқа жататын жыл басынан хабарласқандар адамдар саны     199 адам, олардан тұрақты жұмысқа орналасқандар саны 40 адам. Қоғамдық жұмысқа жіберілгені 31 адам, жастар практикасына 4 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 2 адам, қысқа мерзімді оқуға 1 адам, қайтарымсыз грант алған 26 адам, бастау бизнесінің сертификатын алған адамдар 88, есепті кезеңнің аяғына жұмыссыздар саны 133 адам.

Жыл басынан бөлімде 9-рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. 71 мекемеден 267 бос жұмыс орындары ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкеге барлығы 580 адам қатысты. Оның ішінде 127 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмыстарға 97, әлеуметтік жұмыс орындарына 11, жастар практикасына 29 жас маман жолданды. Сонымен қатар 311 адамға ҚР «Еңбек  кодексіне», ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес және Ұлттық бағдарлама бағыттары бойынша консультациялар берілді.

Жазасын өтеп келгендерге жататын жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде  ҚАИ есебіндегі 15 адам тіркеліп, 11 адам тұрақты жұмыстарға орналасты, 2 адам қоғамдық жұмыстарға, 2 адам кәсіби оқуға тартылды.

2022 жылдың 9 айы бойынша «Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру және ұзарту» көрсетілетін мемлекеттік қызметі  бойынша 132 адамға рұқсат алуға құжаттары және ұзарту бойынша 74 адамның құжаты мақұлданды.

2022 жылдың қыркүйек айына тіркелген жұмыссыздық деңгейі 5,6 пайызды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 5,0 пайыз.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2022 жылдың ІI-тоқсаны бойынша атқарған жұмыстар

2022 жылдың 1 шілдесіне жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны 1437 адам.

Тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқандар саны  875 адам.

Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 687 адам тартылды. 2022 жылдың 5 айында (6 айға есеп шықпады) 1310 жаңа жұмыс орындары ашылды. Тұрақты орындар 548, оның ішінде ауыл, орман және балық шаруашылығы 73 орын, өнеркәсіп саласында 54 орын, құрылыс саласы бойынша 43 орын, көтерме және бөлшек сауда, авто ж/е мотоцикл жөндеу саласы бойынша 220, білім саласы 17, экономикалық қызметтің басқа түрлері 141, уақытша және маусымдық жұмыстар 762 орын.

Мүгедектік топқа жататын жыл басынан хабарласқандар адамдар саны     64 адам, олардан тұрақты жұмысқа орналасқандар саны 32 адам. Қоғамдық жұмысқа жіберілгені 28 адам, жастар практикасына 2 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 2 адам есепті кезеңнің аяғына жұмыссыздар саны 32 адам.

Жыл басынан бөлімде 6-рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. 47 мекемеден 197 бос жұмыс орындары ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкеге барлығы 517 адам қатысты. Оның ішінде 104 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмыстарға 79, әлеуметтік жұмыс орындарына 11, жастар практикасына 24 жас маман жолданды. Сонымен қатар 281 адамға ҚР «Еңбек  кодексіне», ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес және Ұлттық бағдарлама бағыттары бойынша консультациялар берілді.

Жазасын өтеп келгендерге жататын жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде  ҚАИ есебіндегі 7 адам тіркеліп, 6 адам тұрақты жұмыстарға орналасты, 1 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды.

2022 жылдың маусым айына айына тіркелген жұмыссыздық деңгейі  3,9 пайызды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 5,0 пайыз.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2022 жылдың І-тоқсаны бойынша атқарған жұмыстар

2022 жылдың 1 сәуіріне жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны 596 адам.

Тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқандар саны  357 адам.

Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 163 адам тартылды. 2022 жылдың 3 айында 558 жаңа жұмыс орындары ашылды. Тұрақты орындар 330, оның ішінде ауыл, орман және балық шаруашылығы 34 орын, өнеркәсіп саласында 44 орын, құрылыс саласы бойынша 17 орын, көтерме және бөлшек сауда, авто ж/е мотоцикл жөндеу саласы бойынша 149, білім саласы 15, экономикалық қызметтің басқа түрлері 71, уақытша және маусымдық жұмыстар 228 орын.

Мүгедектік топқа жататын жыл басынан хабарласқандар адамдар саны 15 адам, олардан тұрақты жұмысқа орналасқандар саны 6 адам. Қоғамдық жұмысқа жіберілгені 3 адам, есепті кезеңнің аяғына жұмыссыздар саны 9 адам.

Жыл басынан бөлімде 3-рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. 23 мекемеден 87 бос жұмыс орындары ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкеге барлығы 343 адам қатысты. Оның ішінде 41 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмыстарға 25, әлеуметтік жұмыс орындарына 6, жастар практикасына 13 жас маман жолданды. Сонымен қатар 207 адамға ҚР «Еңбек  кодексіне», ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес және Ұлттық бағдарлама бағыттары бойынша консультациялар берілді.

Жазасын өтеп келгендерге жататын жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде  ҚАИ есебіндегі 6 адам тіркеліп, тұрақты жұмыстарға орналасты.

2022 жылдың наурыз айына айына тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2,5 пайызды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 5,0 пайыз.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2021 жылдың ІV-тоқсаны бойынша атқарған жұмыстар

Халықты жұмыспен қамту бойынша:

2021 жылы жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны 3601 адам.

Тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқандар саны  2692 адам.

Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 942 адам тартылды. 2021 жылы 2901 жаңа жұмыс орындары ашылды. Тұрақты орындар 1638, оның ішінде ауыл, орман және балық шаруашылығы 357 орын, өнеркәсіп саласында 138 орын, құрылыс саласы бойынша 62 орын, көтерме және бөлшек сауда, авто ж/е мотоцикл жөндеу саласы бойынша 818, білім саласы 2, экономикалық қызметтің басқа түрлері 261, уақытша және маусымдық орындар 1263 орын.

Мүгедектік топқа жататын жыл басынан хабарласқандар адамдар саны   89 адам, олардан жұмысқа орналасқандар саны 62 адам, оның ішінде қайтарымсыз грант алған 10 адам, шағын несие алған 3 адам. Қоғамдық жұмысқа жіберілгендер саны 29 адам, жастар тәжірибесімен қамтылғандар саны 6 адам, әлеуметтік жұмыс орнына жолданғаны 1 адам, есепті кезеңнің аяғына жұмыссыздар саны 27 адам.

Жыл басынан бөлімде 12-рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. 92 мекемеден 317 бос жұмыс орындары ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкеге барлығы 936 адам қатысты. Оның ішінде 134 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 247 адам қоғамдық жұмысқа жолданды. Жастар тәжірибесіне  52 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 35 адам. Сонымен қатар 415 адамға «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021ж.ж.» бағдарламасының бағыттары жөнінде кеңестер берілді.

Жазасын өтеп келгендерге жататын жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде  ҚАИ есебіндегі 29 адам тіркелді, олардан жұмысқа орналасқаны 23 адам, жазасын өтеп келгендерден қоғамдық жұмысқа 6 адам, кәсіби оқуға 1 адам және 6 адам өз кәсібін ашу үшін қайтарымсыз грант алды. Есепті кезеңнің аяғына жұмыссыздар саны 2 адам.

2021 жылдың желтоқсан айына айына тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 5,0 пайызды құрайды.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2021 жылдың ІII-тоқсаны бойынша атқарған жұмыстар

Халықты жұмыспен қамту бойынша:

2021 жылдың 9 айында жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны – 2853 адам.

Тұрақты жұмысқа орналасқандар саны  1542 адам.

Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 833 адам тартылды. 2021 жылдың 9 айында ауданда 2533 жаңа жұмыс орындары ашылды. Тұрақты орындар 1301, оның ішінде ауыл, орман және балық шаруашылығы 294 орын, өнеркәсіп саласында 121 орын, құрылыс саласы бойынша 52 орын, көтерме және бөлшек сауда, авто ж/е мотоцикл жөндеу саласы бойынша 713, білім саласы 1, экономикалық қызметтің басқа түрлері 120, уақытша және маусымдық орындар 1232 орын.

Мүгедектік топқа жататын жыл басынан хабарласқандар адамдар саны   58 адам, олардан жұмысқа орналасқандар саны 27 адам, оның ішінде қайтарымсыз грант алған 9 адам, шағын несие алған 2 адам. Қоғамдық жұмысқа жіберілгендер саны 24 адам, жастар тәжірибесімен қамтылғандар саны 6 адам, әлеуметтік жұмыс орнына жолданғаны 1 адам, есепті кезеңнің аяғына жұмыссыздар саны 31 адам.

Жыл басынан бөлімде 9-рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. 60 мекемеден 197 бос жұмыс орындары ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкеге барлығы 797 адам қатысты. Оның ішінде 107 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 230 адам қоғамдық жұмысқа жолданды. Жастар тәжірибесіне  52 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 35 адам. Сонымен қатар 361 адамға «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021ж.ж.» бағдарламасының бағыттары жөнінде кеңестер берілді.

Жазасын өтеп келгендерге жататын жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде  ҚАИ есебіндегі 27 адам тіркелді, олардан жұмысқа орналасқаны 15 адам, жазасын өтеп келгендерден қоғамдық жұмысқа 6 адам, 6 адам өз кәсібін ашу үшін грант алды. Есепті кезеңнің аяғына жұмыссыздар саны 6 адам.

2021 жылдың қыркүйек айына айына тіркелген жұмыссыздық деңгейі 3,7 пайызды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 5,0 пайызды құрайды.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2021 жылдың ІI-тоқсаны бойынша атқарған жұмыстар

Халықты жұмыспен қамту бойынша:

2021 жылдың 6 айында жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны – 1818 адам.

Тұрақты жұмысқа орналасқандар саны  611 адам.

Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 738 адам тартылды. 2021 жылдың 6 айында ауданда 1630 жаңа жұмыс орындары ашылды. Тұрақты орындар 707, оның ішінде ауыл, орман және балық шаруашылығы 109 орын, өнеркәсіп саласында 51 орын, құрылыс саласы бойынша 30 орын, көтерме және бөлшек сауда, авто ж/е мотоцикл жөндеу саласы бойынша 439, экономикалық қызметтің басқа түрлері 78, уақытша және маусымдық орындар 923 орын.

Мүгедектік топқа жататын жыл басынан хабарласқандар адамдар саны   31 адам, олардан жұмысқа орналасқандар саны 4 адам, қоғамдық жұмысқа жіберілгендер саны 22 адам, жастар тәжірибесімен қамтылғандар саны 4 адам, әлеуметтік жұмыс орнына жолданғаны 1 адам, есепті кезеңнің аяғына жұмыссыздар саны 27 адам.

Жыл басынан бөлімде 6-рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. 43 мекемеден 127 бос жұмыс орындары ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкеге барлығы 657 адам қатысты. Оның ішінде 79 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 190 адам қоғамдық жұмысқа жолданды. Жастар тәжірибесіне 27 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 31 адам. Сонымен қатар 321 адамға «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021ж.ж.» бағдарламасының бағыттары жөнінде кеңестер берілді.

Жазасын өтеп келгендерге жататын жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде  ҚАИ есебіндегі 18 адам тіркелді, олардан жұмысқа орналасқаны 10 адам, жазасын өтеп келгендерден қоғамдық жұмысқа 6 адам, 2 адам өз кәсібін ашу үшін грант алды. Есепті кезеңнің аяғына жұмыссыздар саны 6 адам.

2021 жылдың маусым айына айына тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайызды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 5,0 пайызды құрайды.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2021 жылдың І-тоқсаны бойынша атқарған жұмыстар

Халықты жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері жұмыс іздеуші есебінде - 916 адам хабарласты. Оның 164-і  тұрақты жұмысқа орналасты.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 125 адам оқытуға 41 242,0 мың теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда, оқытуға мамандықтар бойынша жұмыс берушілерден өтініштер ұсыныстар жинақталуда.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Бастау Бизнес» жобасы аясында 300 адам оқытылды.

Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 350 адамға  204 190,0 мың теңге қаралып, үш айда жоспарланған 30 адамға 17 502,0 млн.теңге гранттар берілді.

Сонымен қатар, өз ісін ашуға немесе ұлғайтуға 28 адам қол жеткізеді деп жоспарланып, үш айда 14 адам 45 459,6 млн.теңге несие берілді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 90 адамға 49 500,0 мың теңге бөлініп, 92 адам жолданды. Әлеуметтік жұмысты аяқтаған 1 адам тұрақты жұмысқа орналасты.                               

Жастар тәжірибесіне 180 адамға 78 789,0 мың теңге бөлініп, 66 жас маман жолданды.

Өткен жылдан ағымдағы жылға өтпелі 218 адам жастар тәжірибесін жалғастыруда. Оның 53-і жұмысын аяқтап, 29-ы тұрақты жұмысқа орналасты.

Қоғамдық  жұмысқа 665 адамға 432 097,0 мың теңге бөлініп, 577 адам жолданды. Қоғамдық жұмысты аяқтағандардан 4-і тұрақты жұмысқа орналасты.

2021 жылдың 1 сәуірге жұмыссыздар саны (қалдық) базалық  дерекқор бойынша 1069 адам, яғни наурыз  айының ресми жұмыссыздық  деңгейі  3,2 пайызды құрады.

Жалпы жұмыссыздық  деңгейі аудан бойынша 4,9 пайыз.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыстар

Халықты жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері жұмыс іздеуші есебінде - 3482 адам хабарласты. Оның 1703-і  тұрақты жұмысқа орналасты.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 55 557,0 мың теңге қаржы қаралып, 101 адам оқуға жолданды. Оның 99-ы оқуын аяқтап, 88-і тұрақты жұмысқа орналастырылды. 8 адам жеке кәсіптерін ашты, оның 5 адамы   555 600 теңге көлемінде мемлекеттік грант алғандар.      

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Бастау Бизнес» жобасы аясында 246 адам оқытылды.

Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 374 адамға  206 397,4 мың теңге берілді.

Сонымен қатар, 105 адам 416 300,0 мың теңге несие берілді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 35 807,0 мың теңге бөлініп, 160 адам жолданды. Әлеуметтік жұмысты аяқтаған 130-ы тұрақты жұмысқа орналасты.                               

Жастар тәжірибесіне 178 147,0 мың теңге бөлініп, 624 жас маман жолданды. Тәжірибеден өткен 366 адамның 113-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Қоғамдық  жұмысқа 139 171,0 мың теңге бөлініп, 929 адам жолданды. Қоғамдық жұмысты аяқтағандардан 48-і тұрақты жұмысқа орналасты.

Жұмыспен қамту жол карасы шеңберінде аудан бойынша 16 жобаға Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 297 жұмыссыз адам жұмысқа жолданды. Барлық жобалардың жалпы құны 2 млрд.975 млн. 474 мың теңгені құрайды. 15 жоба жұмысын аяқтады. 

2021 жылдың 1 қаңтарға жұмыссыздар саны (қалдық) базалық  дерекқор бойынша 551 адам, яғни желтоқсан  айының ресми жұмыссыздық  деңгейі  1,6 пайызды құрады.

Жалпы жұмыссыздық  деңгейі аудан бойынша 4,9 пайыз.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2020 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

2020 жылдың 9 айында жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны -2797адам.
Тұрақты жұмысқа орналасқандар саны 1779 адам.
Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 706 адам тартылды.
2020 жылдың 9 айында ауданда 2289 жаңа жұмыс орындары ашылды. Ауыл, орман және балық шаруашылығы саласы бойынша 183, өнеркәсіп саласы бойынша 24, құрылыс саласы бойынша 530, көлік және қоймалау саласы бойынша 11 көтерме және бөлшек сауда, авто ж/е мотоцикл жөндеу саласы бойынша 462, білім беру саласы бойынша 6, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласы бойынша уақытша және маусымдық орындар 37 орын. Экономикалық қызметтің басқа түрлері 241, уақытша және маусымдық орындар бойынша 795
Нысаналы топқа жататын жұмыссыздар қатарынан мүгедектік топтағы 33 мүгедек жұмыссыз ретінде тіркелді, 7 мүгедек тұрақты жұмысқа орналасты. 19 мүгедек қоғамдық жұмыстарға жолданды. 4 мүгедек жастар тәжірибесіне, 4 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарынажолданды. Есепті кезеңнің аяғына 26 мүгедек.
Жазасын өтеп келгендерге жататын жұмыссыздар қатарынан жұмыс іздеуші ретінде 201 адам тіркелді. Тұрақты жұмысқа 31 адам, әлеуметтік жұмысқа 11 адам, жастар тәжірибесіне 14 адам, грант алған 2 адам, есепті кезеңнің аяғына жұмыссыздар 107 адам, есептен шығарылғандар 1адам.
2020 жылдың қыркүйек айына тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 4,9 пайызды құрайды.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2020 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

2020 жылдың 6 айында жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны - 1821 адам (2019 жылы 18321969 адам).
Тұрақты жұмысқа орналасқандар саны 648 адам (2019 жылғы 534 адам).
Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 517 адам тартылды. (2019 жылы 617 адам тартылды).
2020 жылдың 6 айында ауданда 700 жаңа жұмыс орындары ашылды. Ауыл, орман және балық шаруашылығы саласы бойынша 35, өнеркәсіп саласы бойынша 2, құрылыс саласы бойынша 219, көлік және қоймалау саласы бойынша 11, көтерме және бөлшек сауда, авто ж/е мотоцикл жөндеу саласы бойынша 237, білім беру саласы бойынша 3, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласы бойынша уақытша және маусымдық орындар 23 орын. Экономикалық қызметтің басқа түрлері 26, уақытша және маусымдық орындар бойынша 144
Нысаналы топқа жататын жұмыссыздар қатарынан мүгедектік топтағы 30 мүгедек жұмыссыз ретінде тіркелді, 5 мүгедек тұрақты жұмысқа орналасты. 19 мүгедек қоғамдық жұмыстарға жолданды. 2 мүгедек жастар тәжірибесіне, 4 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Есепті кезеңнің аяғына 25 мүгедек.
Жазасын өтеп келгендерге жататын жұмыссыздар қатарынан жұмыс іздеуші ретінде 8 адам тіркелді. Тұрақты жұмысқа 4 адам, әлеуметтік жұмысқа 2 адам, жастар тәжірибесіне 1 адам, грант алған 1 адам, есепті кезеңнің аяғына жұмыссыздар 4 адам, есептен шығарылғандар 1 адам.
2020 жылдың маусым айына тіркелген жұмыссыздық деңгейі 3,2 пайызды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 4,9 пайызды құрайды.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2020 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

2020 жылдың 3 айында жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны - 1290 адам (2019 жылы 1665 адам). Тұрақты жұмысқа орналасқандар саны 342 адам (2019 жылғы 402адам).
2020 жылдың 3 айында ауданда 402 жаңа жұмыс орындары ашылды. Ауыл, орман және балық шаруашылығы саласы бойынша 32, өнеркәсіпте 2, көлік және қоймалау саласы бойынша 11, көтерме және бөлшек сауда, авто ж/е мотоцикл жөндеу саласы бойынша 171, білім беру, мәдениет, спорт саласы бойынша 2, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласы бойынша уақытша және маусымдық орындар 22 орын. Экономикалық қызметтің басқа түрлері 18, уақытша және маусымдық орындар бойынша 144 орын.
Нысаналы топқа жататын жұмыссыздар қатарынан мүгедектік топтағы 24 адам жұмыссыз ретінде тіркелді, 2 мүгедек тұрақты жұмысқа орналасты.16 мүгедек қоғамдық жұмыстарға жолданды. 2 мүгедек жастар тәжірибесіне,4 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Есепті кезеңнің аяғына 22 мүгедек.
Жыл басынан бөлімде 3-рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. 4 мекемеден 103 бос жұмыс орындары ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкеге барлығы 350 адам қатысты. Оның ішінде 67 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмысқа 93 адам орналасты. әлеуметтік жұмыс орындарына 21 адам, жастар тәжірибесіне 24 адам, Сонымен қатар 200 адамға «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021ж» бағдарламасының бағыттары жөнінде кеңестер берілді.
Жазасын өтеп келгендерге жататын жұмыссыздар қатарынан жұмыс іздеуші ретінде 8 адам тіркелді. Олардың квота бойынша тұрақты жұмысқа орналасқаны 4 адам. Қоғамдық жұмысқа тартылғаны 1, әлеуметтік жұмысқа 1, жастар тәжірибесіне 1, грант алған 1 адам.
2020 жылдың наурыз айына тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2,7 пайызды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 4,9 пайызды құрайды.

Дата публикации
21 мая 2020
Дата обновления
01 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
25 апреля 2024
Аудан бойынша 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша атқарылған жұмыстар (I тоқсан)
Ақпарат
24 апреля 2024
Арал ауданы бойынша мемлекеттік қөрсетілетін қызметтердің 2023 жылдық есебіне жария талқылау қорытындысы
Ақпарат
15 марта 2024
№ 14 сайлау округі бойынша сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жайлар

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары