
Биыл ауданымызда Наурызнама онкүндігі аясында бірқатар жоғары деңгейде аталып өтіп жатыр.
Осыған байланысты «Ұлттық спорт күніне» орай 20 наурыз күні аудан орталығында Жақсықылыш кенті мен Жіңішкеқұм ауылдық округінің тұрғындарының бірлескен тәрбиелік маңызы бар керемет шара өтті.
Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған Наурыз мейрамының мәнін түсіндіру ұлттық ойындарды дәріптеу. Халқымыздың салт-дәстүрлерін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.Ұлттық тарихымыздың бет-бейнесі болған қазақы киімдерімізді ұлықтау.
Іс шара барысында Тоқабай ауылының тұрғыны ағаш ұстасы Сыдықов Қуаныш пен тігін шебері Әбілтаева Күлмараш апамыздың қолөнер бұйымдары көрмесі көпшіліктің көңілінен шықты.
Сонымен қатар ауыл тұрғындарының келін түсіру, бет ашу сияқты дәстүрлі қойылымдары көрсетілді. Кешкілік аудан тұрғындарына «Наурыз-думан» атты мерекелік концерт беріліп, аудан тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл сыйлады.