Тазалық тәртіптің айнасы

Тазалық тәртіптің айнасы

Тоқабай ауылында қыс мезгіліне байланысты тазалық жұмыстары жүргізіліп, жолдар мен Қуаныш Бердімағанбетов атындағы аллея аумағы толықтай қардан тазартылды.

Қоғамдық жұмысшылар жол жиектерін, жаяу жүргіншілер жолын және демалыс орындары маңын қардан аршып, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы жүріп-тұруына жағдай жасалды.

Қоғамдық жұмысшылардың еңбегі – ауыл тазалығы мен көркеюіне қосылған маңызды үлес. Осындай жауапты жұмыстар арқылы елді мекеніміздің келбеті сақталып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптасуда.