"Кітапханаға - кітап сыйла!" акциясы

"Кітапханаға - кітап сыйла!" акциясы

Жаңақұрылыс ауылдық округіндегі ауылдық Кітапханада 2026 жылы 12 ақпан күні «Кітапханаға –кітап сыйла !» акциясы өтті. Бұған ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен кітапхана оқырмандары қатысып,өздерінің жеке кітап қорынан,кітапханаға кітап сыйлап,кітап туралы жақсы сөздерін ортаға салды.Кітапхана меңгерушісі Жиемуратова Қыдыркүл «Кітапханаға –кітап сыйла !» акциясына қатысушыларға алғысын білдірді.