Бала деген бір бақыт!

Бала деген бір бақыт!

Кеше кентіміздегі орталық алаңда 1- маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік шараға Жақсықылыш кенті әкімінің уақытша міндетін орындаушы Н.Серікбаев, №19 орта мектеп директоры Л. Есжанова бүлдіршіндерді мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Мерекелік шараға «Асылым», «Күншуақ» балабақшаларының, мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндерімен қоса білімі және өнерімен топ жарып, Халықаралық, Облыстық, Аудандық байқауларда жүлделі орындар алып жүрген оқушы балалар қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Балалар ұшқыр қиялдарына ерік беріп тас жолға сурет салудан сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша демеушілер дайындаған арнайы сыйлықтары бүлдіршіндерге үлестірілді..
Кент әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен шара одан әрі қызықты аниматорлардың мерекелік қойылымымен жалғасты.
Сонымен қатар, балалар күні қарсаңында балаларға арналып бетке сурет салу көрмесі де ұйымдастырылды.