Бүгін аудан әкімі кезекті жұмыс сапарымен Сексеуіл кентіне келіп, жаңадан салынатын 100 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебінің құрылыс жұмыстарының басталуымен танысты.
«Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның тікелей қолдауымен бой көтеретін бұл рухани нысан алдағы уақытта ауыл балаларының өнерге деген қызығушылығын арттырып, руханияттың алтын бесігіне айналмақ. Ауыл тұрғындары үшін қуанышты жаңалыққа айналған мәдени нысанның құрылыс алаңына жергілікті халық арнайы жиналып, игі бастаманы жақсылыққа балап, құрбандық шалды.
Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы тұрғындардың қуанышына ортақтасып, құрылыс жұмыстарын жүргізетін «Иман» ЖШС өкілдерімен кездесіп, жобаны белгіленген мерзімде сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды. Жоспар бойынша нысан осы жылдың күзіне дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.