
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай мектеп оқушылары арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен «Жас сарбаз – 2026» аудандық сайысы өткізілді.
Аудан мектептерінен 7 команда, 42 оқушы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жас сарбаздар саптық дайындық, әскери шеберлік және ептілік сындарында бақ сынап, өздерінің табандылығы мен ұйымшылдығын көрсетті.
Осы додаға «Теңіз жағалауы» аймағындағы №177, №231, №294 мектеп оқушыларынан құралған команда қатысып, жалпы командалық есепте жүлделі І орынға ие болды. Бұл – бірліктің, дайындықтың және қажырлы еңбектің нәтижесі!
Жекелей сайыс қорытындысы бойынша:
🔹 «АК-74» қаруының оқжатарын 30 патронмен жарақтау сайысында мектебіміздің 9 «Ә» сынып оқушысы Өмірбек Дәулет жүлделі ІІІ орынға қол жеткізді.
Шәкірттерімізді жоғары деңгейде дайындаған мектебіміздің АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушысы Д. Мухамбетқалиевты жеңісімен құттықтай отырып, алдағы облыстық іріктеу додасына сәттілік тілейміз!
Ел қорғаны болар жас сарбаздарға әрдайым биік белестер мен толағай табыс тілейміз!