
Аудан әкімінің орынбасары Еркін Жұмаханұлы Әбішевпен аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2026 жылға іс-шаралар жоспарына сәйкес Болатбекқызы Раиля жетекшілік ететін “До-Ре-Ми” Өнер орталығының Сексеуілдегі филиалы кенттегі зейнет жастағы әжелерге арналған фитнес жұмысын бастады. Фитнестің негізгі мақсаты егде жастағы жандардың салауатты өмір салтын ұстануы және денсаулығын жақсарту. Қол-аяқ буындарына арналған жаттығулардан тұратын сабақ аптасына үш рет өтеді. Әр топта 20-22 әжелеріміз тіркелді. Жалпы саны 70 ке жуық.
Зейнет жастағы әжелерге арналған фитнес ақысыз.
“До-Ре-Ми” Өнер орталығы 2024 жылдың тамыз айынан бастап Сексеуіл кентінде филиалын ашып, оқушыларға арналған ақылы түрде би үйірмесінің жұмысын бастады.
Үйірмеде жас ерекшелігіне қарай үш топ бар, яғни 40-қа жуық оқушы қамтылған.
Осынша аз уақытта балалар республикалық, облыстық байқауларды жеңімпазы атанып үлгерді.