“Алтын күз” жәрмеңкесі өтті

“Алтын күз” жәрмеңкесі өтті

Бүгін облыс орталығы - Қызылорда қаласындағы С.Торайғыров көшесі «Шұғыла» балабақшасының алдында жыл сайынғы дәстүрлі мереке «Алтын күз -2025» шарасы аясында Арал ауданының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Аймақ төріндегі молшылық шарасына ауданнан 148,2 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары, оның ішінде: 500 литр шұбат, 20,5 тонна балық және балық өнімдері, 7,2 тонна ет, 3 тонна ас тұзы және 105 тонна көкөніс, 12 тонна бау-бақша өнімдерін барлығы 38 машинамен жеткізіліп, нарық бағасынан 10-15 пайызға төмендетілген бағада саудаланды. Атап өту қажет, ауданның балық өңдейтін кәсіпорындарынан жеткізілген мұздатылған және ысталған балық өнімдері қызу сұраныспен саудаланды. Қызылорда қаласының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеде аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы қойылып, сахналық қойылым ұйымдастырылды. Қала тұрғындары өздері асыға күтетін теңізді өлкеден жеткізілген өнімдерін қажетінше алып, ризашылықтарын жеткізді.