Наурызнама онкүндігі

Наурызнама онкүндігі
Наурызнама онкүндігі аясында 15 наурыз - Қайырымдылық күніне орай Құланды, Беларан, Бекбауыл және Қосаман ауылдық округтерінен келген тұрғындар аудан орталығында өз өнерлерін ортаға салды.
Ауылдағы мекеме қызметкерлері мен өнерпаздарынан құралған тұрғындар аудан орталығында ұлттық салт- дәстүрлерді дәріптеу, қайта жаңғырту мақсатында әзірлеген көріністер қойылымдарын көпшілік назарына ұсынды.
Кешкілік ауыл өнерпаздары аудан тұрғындарына мерекелік концерт ұсынып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.