
Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қамыстыбас өңіріндегі Жетес Би кесенесінде маңызды игі іс-шара өтті. Ауылдың барлық мекеме қызметкерлері жиналып, алдымен өлі аруақтарға құран бағыштап, рухани тағзым жасады. Одан кейін кесене аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны ретке келтірді.
Бұл шара – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тарихи орындарға құрмет көрсету мен табиғатты аялаудың жарқын үлгісі. Осындай бастамалар арқылы туған жерге деген сүйіспеншілік артып, келер ұрпаққа өнеге болары сөзсіз.