
“Ауыл аманаты” жобасы аясында 2025 жылы Қамыстыбас ауылында екі кәсіпкер асыл тұқымды ақбасты сиыр мен голландский заанен сүтті ешкі алып, өз кәсіптерін бастаған болатын. Бүгін ауыл әкімшілігі аталған кәсіпкерлердің шаруашылықтарына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, мал күтімі мен кәсіптің даму деңгейін бақылап қайтты.