Мергенсай ауылдық округі туралы мәлімет

  1. Мергенсай ауылдық округіне Жалаңаш ауылы, Тастүбек елді мекені қарайды
  2. Арал ауданы Мергенсай ауылдық округіне қарасты Жалаңаш ауылы Арал теңізі жағасына қоныс тепкен. Бұл ауылдың іргетасы 1927 жылы қаланған. 1927 жылы он елді мекеннен Тастүбек, Қарабұлақ, Кішіқұм, Сарықұм, Үш­шоқы, Мергенсай, Жалаңаш, Дәкі, Сарышығанақ, Сарышоқыдан «Бірлестік» атты біріктірілген колхоз болып құрылды. Теңіз жағасында болғандықтан ата­кәсіп балық аулау болған, төрт түлік мал да өсірген. 1934 жылы «Бірлестік» колхозы қайта ірілендіріліп, үш елді мекеннен тұратын, Жамбыл атындағы балық колхозы құрылды.

1928 жылы - Арал ауданы дербес әкімшілік аудан болып құрылған кезде Мергенсай ауылдық кеңесі құрылып(қазіргі округ) оның құрамына енді.

  1. Жер көлемі 29131 га, аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 59 км-дей жерде, Үлкен Сарышығанақ көлінен солтүстік-батысқа қарай орналасқан
  2. Халық саны – 688; үй саны -160.
  3. Негізгі шаруашылық бағыттары: мал және балық шаруашылығы.
  4. Жалаңаш ауылында мектеп жасындағы балаларды толықтай сапалы біліммен қамтитын 150 орындық №58 орта мектеп, мектепке дейінгі  90 орындық типтік жобадағы «Желкен» бөбекжайы қызмет көрсетеді. Ауылда мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға арналған клуб үйі мен жергілікті тұрғындарға қызмет көрсететін ауылдық кітапхана жұмыс істейді. Тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мақсатында елді мекенде медициналық пункті  бар. Төтенше және күрделі жағдайларда науқастар 60 шақырым жердегі Арал аудандық ауруханасына жеткізіледі.
  5. Сумен жабдықтау жүйесі Орталықтандырылған ауыз су: Округ орталығы Жалаңаш ауылымен Тастүбек елді мекені толықтай орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Тұрғындар таза ауыз суды арнайы су тарату тораптары мен үйге тартылған құбырлар арқылы тұтынады.
  6. Округ аудандық және облыстық орталықтандырылған жоғары вольтты электр желілеріне қосылған.
  7. Көшелерді жарықтандыру: Ауылдың барлық көшелері заманауи жарықдиодты (LED) шамдармен жарықтандырылған.
  8. Жол-көлік инфрақұрылымы Сыртқы байланыс жолы: Ауылды сыртқы әлеммен байланыстыратын басты инженерлік нысан — «Арал–Аэропорт–Жалаңаш» автожолы. Ішкі жолдар: Елді мекен ішіндегі орталық көшелерге асфальт және тас төселген.
  9. Байланыс және телекоммуникация желілері
  10. Ұялы байланыс мұнаралары: Ауылда ірі отандық оператордың ( Kcell/Activ) базалық станциялары орнатылған, бұл тұрғындардың 3G/4G мобильді интернетін пайдалануына мүмкіндік береді. Қазақтелеком байланыс жүйесімен қамтамасыз етілген.
  11. «Мергенсай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми байланыс мәліметтері:
  12. Мекенжайы: 120111, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Мергенсай ауылдық округі, Жалаңаш ауылы.
  13. Байланыс телефоны: +7 (72433) 4-20-01.
  14. Ресми электрондық поштасы (E-mail): k.zholdasova@korda.gov.kz (сонымен қатар mergensai@korda.gov.kz қолданылады).

 

Дата публикации
16 июня 2026