
1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!
Бүгін мектебімізде жаңа оқу жылының басталуына орай "Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі" атты салтанатты жиын өткізілді.
Мерекелік жиынға мектеп ұстаздары, оқушылар, ата-аналар және мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер қатысты.
Мектепке алғаш қадам басқан
1 сынып оқушылары үшін бұл күн ұмытылмас ерекше сәт. Бүлдіршіндердің білім әлеміне бастар алғашқы қадамдары құтты болсын!
Мектеп директоры Сембиев Алмабек Зәкірұлы салтанатты жиынды ашып, барша ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап,
1 сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндерге ақ тілегін білдірді. Оқушыларға сапалы білім алып, биік белестерді бағындыруға, ізденісте талмай, мектеп мерейін асқақтатуға тілектестігін жеткізді.
Салтанатты шара барысында ардагер ұстаздарымыз оқушыларға жаңа оқу жылына ақ жол, толағай табыс және жарқын жетістіктер тіледі.
Жаңа оқу жылы баршаға сәттілік, ізденіс, шығармашылық шабыт пен биік белестер әкелсін!
Білімді ұрпақ – ел болашағы!
Жаңа оқу жылы құтты болсын!