Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

   Тұрмыстық зорлық-зомбылық – адамның ар-намысы мен құқықтарын бұзатын ауыр мәселе. Ол тек дене жарақатын ғана емес, психологиялық және эмоционалдық зардаптар да әкеледі. Зорлық-зомбылықтың кез келген түрі қабылданбауы тиіс.
   Отбасы – қауіпсіздік, сыйластық және қолдау мекені болуы керек. Даулы мәселелерді күш қолдану арқылы емес, өзара түсіністік пен құрмет арқылы шешу маңызды.
   Егер сіз немесе жақындарыңыз зорлық-зомбылыққа тап болса, үнсіз қалмаңыз. Көмек сұрау – әлсіздік емес, өз құқығыңызды қорғаудың маңызды қадамы.

Бақытты отбасы – зорлық-зомбылықсыз отбасы!