Бекбауыл ауылдық клубының ұйымдастыруымен 9 ақпан мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналып "Жыр - жүректің үні" атты поэзия кеші өткізілді. Кештің мақсаты - қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау, өскелең ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру. Іс-шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы тыныстырылып, өлеңдері мәнерлеп оқылды. Әншілер ақынның сөзіне жазылған әндерді орындап, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. Сондай - ақ қатысушылар арасында поэзияға деген құрмет айқын көрніс тапты. Әдеби - сазды кешке мәдениет қызметкерлері, өнерпаздар және поэзия сүйер қауым қатысты. Кеш соңында Мұқағали Мақатаевтың шығармалары - ұлттық рух пен адамгершілік құндылықтардың мәңгілік мұрасы екені тағы бір мәрте атап өтілді.