Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің мақсаты, көрсетілетін қызметті алушыларға сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетілуін қамтамасыз ету мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу болып табылады.
Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi - жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге халыққа бiрдей қол жетімді болуы. Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) Мемлекеттік корпорация арқылы;
3) «Электронды үкімет» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.
Бүгінгі таңда, «Арал қаласы әкімінің аппараты» КММ-сі мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:
1) Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген "Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларына" сәйкес реттеледі.
2) Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту;
3) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
4) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;
5) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою, "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті электронды түрде алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталында (www.egov.kz) немесе электрондық лицензиялауда (www.elicense.kz) тіркелуді қажет етеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты, қағидалары туралы ақпараттар мемлекеттік қызмет алушыларға түсіндіру мақсатында ғимаратың қабатына орналастырылған.
Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қозғалысына қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында пандус, көру қабілеті шектеулі азаматтардың қозғалыс жолында арнайы жолақтар, электрондық қоңырау (сигнал) қондырғылары орнатылған.
Сонымен қатар, азаматтарға электронды нысанда мемлекеттік қызмет көрсету үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы ашылып жабдықталған. «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышында компьютер интернет желісіне қосылып, қажетті құрылғылармен (принтер, сканер) қамтамасыз етілген.
«Арал қаласы әкімінің аппараты» КММ