ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-1 - бабына, «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі 60057 болып тіркелген) және Арал қаласы әкімінің 2024 жылғы 8 қазандағы «Арал қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі коммуналдық мүлік деңгейіндегі объектілерді электронды сауда-саттық арқылы жекешелендіру туралы» № 106-ө/нқ санды өкіміне сәйкес, төменде көрсетілген коммуналдық мүлік деңгейіндегі обьектілер үстіміздегі жылдың 29 қазанында www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сағат 10:00-де электронды аукцион өткізілетіндігін хабарлаймыз.

Аукцион сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісімен өткізіледі.

Қосымша ақпаратты 8(72433)2-21-00 байланыс телефон нөмірі арқылы біле аласыздар.
Сауда-саттыққа шығарылатын объектілер:

1. Арал қаласы, Т. Нұржанов көшесі № 33 «А» мекенжайда орналасқан, жалпы алаңы - 582,45 шаршы метр «Балдырған» балабақшасының кешені, жалпы алаңы - 449,55 шаршы метр балабақша ғимараты, жалпы алаңы - 91,1 шаршы метр кеңсе ғимараты және жалпы алаңы - 41,8 шаршы метр асхана ғимараты.

2. Арал қаласы, М. Жарымбетов көшесі № 12 мекенжайда орналасқан, жалпы алаңы - 492,3 шаршы метр «Толқын» балабақшасының кешені, жалпы алаңы - 458,3 шаршы метр балабақша ғимараты және жалпы алаңы - 34 шаршы метр сарай ғимараты.

3. Арал қаласы, К. Байсейітова көшесі № 6 мекенжайда орналасқан, жалпы алаңы - 1 444 шаршы метр № 71 мектеп-интернатының кешені, жалпы алаңы - 1 177,8 шаршы метр мектеп ғимараты, жалпы алаңы - 125,3 шаршы метр қора, жалпы алаңы - 51,3 шаршы метр қора, дәретхана және жалпы алаңы - 89,6 шаршы метр шеберхана ғимараты.