ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

ТУҒАН ЖЕР ТАЗАЛЫҒЫ БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ!

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында, Арал қаласы бойынша жергілікті қоғамдастық кеңесі мүшелерінің және көше комитеті төрағалары кеңесінің төрағасы - Аманжол Жолмағамбетовтың бастамасымен, үстіміздегі жылдың 21 қыркүйек күні қаламызда кезекті жалпықалалық сенбілік шарасын өткізу жоспарлануда.

Осы орайда, баршаңызды аталған тазалық шарасынан қалыс қалмай, бірлесе атсалысуға шақырамыз.

Туған жер тазалығы баршамызға ортақ. Қоршаған ортамыздың тазалығына әрбіріміздің жауапты екенімізді естен шығармайық. Сондықтан, әр қала тұрғынын сенбілік жұмыстарына атсалысуға, тұрғын үйлердің, аулалардың және көшелердің аумағындағы тазалық шараларына өз үлестерін қосуға шақырамыз!

Белсенділік танытқан көше тұрғындары марапатталатын болады.

Басталуы: 21.09.2024 жылы, сағат: 09:00-де
Өткізілетін орны: Тұрғылықты мекенжайы бойынша тиісті көше аумағы