
26 наурыз- Арал теңізі күніне орай Ж. Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінде «Жасыл әлем – ұрпаққа сый» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.
Экологиялық акцияға Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы атқарушы директоры С. Мұқатаев, ЮНЕСКО сарапшысы Алиреза Амриказеми,– ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы үйлестірушісі С.Нигматова,– Аралды құтқару қорының өкілі М.Бекниязов,– Қарақалпақстан елінен келген қор өкілі Р.Шарапова,– «Арал» геопаркі директоры С. Темірбек және басқа да сала мамандары болды.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Н. Бохаев сөз алып, табиғатты қорғау мен өңір экологиясын жақсарту бағытындағы жұмыстарға тоқталды.