Арал – адамзатқа ортақ мұра: халықаралық сарапшылар сапары

Арал – адамзатқа ортақ мұра: халықаралық сарапшылар сапары

Бүгін  Арал ауданына «Geopark Aral» туристік жобасымен танысу мақсатында халықаралық сарапшы, ЮНЕСКО-ның Ғаламдық геопарктер кеңесінің мүшесі, ЮНЕСКО-ның «Кешм» (Иран) Ғаламдық геопаркінің ғылыми үйлестірушісі Алиреза Амирказеми және Алматы қаласындағы ЮНЕСКО өңірлік кеңсесінің жаратылыстану ғылымдары бағдарламалары бойынша маманы Елена Осипова келді.

«Geopark Aral» жобасы Арал ауданы экономикасының дамуына, өңір халқының әл-ауқатын жақсартуға, экологиялық жағдайдың оңалуына, өңірге туристерді тартуға мол мүмкіндіктер туғызады. Сондай-ақ, өңірге келушілер киелі мекенді көзбен көріп, археологиялық, геологиялық және тарихи ескерткіштердің мол мұрасымен танысатын болады.

Халықаралық сарапшылар сапарының басты  мақсаты — «Арал» геопаркін ЮНЕСКО-ның Ғаламдық геопарктер желісіне енгізу номинациясын қарастыру рәсімі аясында алдағы далалық жұмыстар дайындығына қолдау көрсету, сондай-ақ аумақтың дайындық деңгейіне сараптамалық баға беру.

Ауданға жұмыс сапарымен келген халықаралық сарапшылар делегациясы алдымен  аудан әкімінің орынбасары Н. Бохаевпен кездесті.