Көше комитет төрағаларымен кездесу өткізілді

Көше комитет төрағаларымен кездесу өткізілді

Бүгін Арал қаласының әкімі Б. Ұзақов және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен З. Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде қаламыздың көше комитет төрағаларымен кездесу өткізілді.

Кездесуде шаһар басшысы Б. Ұзақов қала бойынша атқарылған жұмыстарды және алдағы бірқатар міндеттер мен жоспарлар туралы қысқаша баяндап өтті.

Жиында көтерілген басты мәселенің бірі Арал қаласы бойынша көше комитет төрағалары кеңесінің жаңа төрағалығына үміткерлерді ұсыну болды.

Кездесу барысында көше комитет төрағалары бірқатар көшелерге түнгі көше жарығын орнату және жол мәселесі сынды бірнеше өз ұсыныстарын білдірді.

Өз кезегінде қала әкімі Б. Ұзақов көтерілген мәселелерді назарға алып, алдағы уақытта оңтайлы шешілуіне жұмыс жасайтынын және көше комитет төрағаларына өз тұрғылықты аумақтарының тазалығын сақтауды, қоқыс жәшігі толған жағдайда тиісті мердігер мекемеге алдырту керектігі жөнінде атап өтті.

“Арал қаласы әкімінің аппараты” КММ