Қазақ халқының ежелден келе жатқан мейрамы Наурыз - көктем мезгілінің жетіп, күн мен түннің теңеліп, табиғат-ананың оянатын уақытымен тұспа-тұс келеді. Наурыз парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» дегенді білдіреді. Қазақтар бұл күнді Ұлыстың ұлы күні деп те атайды. Мерекенің басты тағамы - жеті түрлі қоспадан дайындалатын наурыз көже. Наурыз - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Ақжарма мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен 21 наурыз күні сағат 11: 00 де 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Наурызым - жыл басы, төрлет!» атты мәдени-көпшілік шара болып өтті.