Бүлдіршіндер атынан демеушілерге мың алғыс

Бүлдіршіндер атынан демеушілерге мың алғыс

 1 Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күні барлық ата-ана кішкентай балақайларға ерекше көңіл бөледі. Ауыл-аймақ, қалаларда осы күнге арналған түрлі концерттер ұйымдастырылып, тіпті кейбір компаниялар немесе орталықтар аталған күні балаларға арнап арнайы сый дайындайды. | Ауылымыздың ірі кәсіпкерлері мен инвесторлары ерекше балаларымызға және тұрмысы төмен көп балалы отбасыларындағы бүлдіршіндерге түрлі сыйлықтарын ұсынды. Атап айтсақ, балаларымыздың қуанышына себеп болған арнайы "Мағжан и К" мен "НК құрылыс" ЖШС-ң басшыларына және  ауылымыздың  М.Бақбергенов, Қ.Болтаева Т.Бегманова, Қ.Оңғарбаев атты кәсіпкерлеріне  ата-аналар тарапынан қолдау мен қамқорлығы үшін арнайы алғыстарын айтуда.