Алматыда Польша Республикасынан судья-сарапшы тарта отырып, "Элита ДОСААФ” қоғамдық бірлестігі” кинологиялық клубының ұйымдастыруымен "Көктемгі кездесулер — 2025" атты түрлі тұқымды иттердің халықаралық көрмесі өтті.
Көрмеге 28 тұқымды қамтыған 230-дан астам иттер мен күшіктер қатысты.
Көрмеде Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 6654 әскери бөлімінің кинологиялық орталығы бес қызметтік иті бақ сынады. Олардың әрқайсысы құқықтық тәртіп әскерлерін лайықты таныстырды және елеулі нәтижелерге қол жеткізді:
Жеңімпаздар клуб дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұландық кинологтар баптаған қызметтік иттердің жоғары нәтижелерден басқа, Кинологиялық орталықтың асыл тұқымды иттерінің клубы құрамында халықаралық асыл тұқымды өсіруге ресми түрде рұқсат алуы — көрменің маңызды нәтижесі болды.
— Мұндай көрмелерге қатысу — біз үшін асыл тұқымды иттердің селекциялық жұмысын сапалы жүргізу тұрғысынан жаңа мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, Ұлттық ұланның кинологиялық қызметін одан әрі дамытуға ықпал етеді және оның кәсіби беделін арттырады, - дейді кинологиялық орталықтың бастығы подполковник Альмир Файласов.
Айта кету керек, мұндай іс-шаралар әскери бөлімшелердің имиджін нығайтады, әскери кинологтардың кәсібилігін және қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жүйесіндегі қызметтік кинологияның маңыздылығын көрсетеді.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі