Ұландықтар өртеніп жатқан үйден балаларды құтқарып, ерлік танытты

Ұландықтар өртеніп жатқан үйден балаларды құтқарып, ерлік танытты

Бүгін ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілері — Асхат Байсейітов, Қыдырбай Ерлан, Вячеслав Қожахметов және Михаил Бубнов Долинка кентіне қызметке бара жатып, тұрғын үйдің өртеніп жатқанын байқады. Оқиға орнына шұғыл жеткен ұландықтар жанып жатқан ғимаратқа кіріп, іштен үш баланы шығарып алады.

Айта кету керек, әскери қызметшілер балаларды эвакуациялап қана қоймай, жанып жатқан үйден жарылыс қаупін тудырған 50 литрлік газ баллонды да алып шықты.

— Өртті көрген бойда бірден сол жерге жүгірдік. Балалар жылап жатыр екен, түтінге булығып тыныс алу да қиындап кеткен. Жағдайды аңғарып, бір секунд та жоғалтпау керек екенін түсіндік. Біз үшін бұл әрекет батырлық емес — мұны бізге күн сайын үйретеді. Біз адамдарды қорғауға ант бергенбіз және кез келген жағдайда сол антқа адал болуға міндеттіміз, — дейді ұландықтар.

Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жұмыс істейді. Әскери қызметшілердің жедел және шешуші әрекеттері үлкен қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді.

Ұландықтардың кәсіби әрекеті құқықтық тәртіп әскерінің сарбаздары елді қорғауға және азаматтардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әрқашан дайын екендігін тағы да дәлелдеді.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі