Ұландықтар арасында үстел теннисінен турнир өтті

Ұландықтар арасында үстел теннисінен турнир өтті

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының спорт залында үстел теннисінен біріншілік өтті.

Жарысқа бас басқармалардың, басқармалардың және Бас қолбасшылық қызметтерінің 15 командасы қатысты.

Жарыстың басты мақсаты — әскери қызметшілер арасында үстел теннисін насихаттау мен дамыту және салауатты өмір салтын дәріптеу.

Жарыс қорытындысы бойынша: І орынды Ұйымдастыру-жұмылдыру басқармасы мен Кадрлар және әскери білім басқармасының әскери қызметшілерінен құралған команда иеленді. ІІ орынды жауынгерлік дайындық бас басқармасының командасы иеленді. Ал жүлделі ІІІ орынды Бюджеттік-қаржылық басқару және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының жиынтық командасы иеленді.

Жеке біріншілікте:

- І орынды Кадрлар және әскери білім басқармасы бөлімінің аға офицері майор Саят Шыныбай иеленді;

- ІІ орынды Бюджет-қаржы басқармасы бастығының орынбасары полковник Алексей Малых иеленді;

- ІІІ орын Бронды техника бөлімінің аға офицері майор Артем Зацепинге бұйырды.

Марапаттау рәсімінде Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов әскердің Бас қолбасшысы атынан жеңімпаздарды ауыспалы кубокпен, дипломдармен және грамоталармен марапаттады.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі