Өскеменде студент түрмеге смартфондар өткізбек болды

Өскеменде студент түрмеге смартфондар өткізбек болды

Өскемен қаласында сотталғандарға байланыс құралдарын жеткізудің кезектң фактісі анықталды.

Бұл жолы жергілікті университеттің студенті 6 смартфонды түзету мекемесінің қоршауынан ішке қарай лақтыруға тырысқаны үшін ұсталды. Іргелес аумақты патрульдеу кезінде №17 мекеме қызметкерлері 6699 әскери бөлімінің кинологы Темірбек Губайдуллинмен бірлесіп, "Тор" атты қызметтік иттің көмегімен колония учаскелерінің бірінде заңсыз әрекет еткен азаматты ұстайды.

Қолға түскен құқық бұзушыны тексеру кезінде "Samsung", "Huawei" және "Oppo" маркалы 6 дана смартфон табылған.

Күдіктінің жеке басын анықтау барысында оның 2005 жылы туғаны және Өскемен қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінің студенті екені белгілі болды. Студенттің айтуынша, мұндай көмекті бейтаныс адам ақшалай сыйақы төлеп өтінген екен.

Күдікті мен тәркіленген телефондар Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлеріне табысталды.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі