Ұлттық ұлан офицері Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды

Ұлттық ұлан офицері Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды

Ұлттық ұлан офицері Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды

ҚР Ұлттық ұланының Спорт командасын даярлау орталығының әскери қызметшісі лейтенант Азамат Дәулетбеков еркін күрестен 2024 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанды.

Олимпиада лицензиясының иегері Азамат Дəулетбеков (86 кг) Қырғыз Республикасының астанасында өтіп жатқан байрақты бәсекеде 86 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз финалда өзбекстандық Джабраил Шапиевті 5:2 есебімен жеңді.

– Бұл менің сары құрлық чемпионатында қатарынан алған үшінші алтын жүлдем. Жыл сайын өзімнің кәсіби шеберлігімді шыңдап, өз деңгейімді арттыруға күш салып келемін. Осы ретте маған қолдау білдірген және сенім артқан бапкерлерім мың алғыс. Сондай–ақ осындай додада бақ сынауға мүмкіндік жасаған Ұлттық ұлан Бас қолбасшысына айтар алғыс айтамын, – деді лейтенант Азамат Дәулетбеков.

Ұлттық құрама көшбасшысы финалдық кездесулерге дейін, яғни күндізгі сессияда ирандық спортшы Хади Вайаейпураны ұпай санымен, одан кейін жартылай финалда қытайлық Пейлонг Лиді 11:0 есебімен таза жеңген болатын.

Айта кетейік, еркін күрестен Қазақстан құрамасы жарысты 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдемен аяқтады. Еркін күрес шеберлері арасынан жалғыз алтын жүлдені Ұлттық ұлан офицері Азамат Дәулетбеков иеленді.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі