ҚР ІІМ ҰҰ авиациясы: Ұлттық ұлан экипажы Ақтөбе облысында 20-дан астам баланы құтқарды

ҚР ІІМ ҰҰ авиациясы: Ұлттық ұлан экипажы Ақтөбе облысында 20-дан астам баланы құтқарды

ҚР ІІМ ҰҰ авиациясы: Ұлттық ұлан экипажы
Ақтөбе облысында 20-дан астам баланы құтқарды


Қазақстандағы су тасқыны:
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының ұшқыштары 43 адамды эвакуациялады, оның ішінде
Ақтөбе облысындағы су басқан Нұра кентінен 23 бала бар

3656 астаналық әскери бөлімі Ми-171Е тікұшағының экипажы құрамында: командир – подполковник Қанат Ахметов, ұшқыш-штурман – аға лейтенант Нұрболат Советбеков және борт технигі – подполковник Асхат Жукин Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында сағат 16.30 шамасында Нұра кентінің ауданында ұшу кезінде судың ортасында үрейде тұрған адамдарды байқайды.
Дереу шешім қабылдаған ұландықтар су басқан аймаққа қиын жағдайға қарамастан қонып, халыққа қолұшын берді. Ең алдымен, әйелдер мен балаларға көмек қолын созды. Ұшқыштар су тасқынынан зардап шеккендерді Ырғыз аудан орталығына жеткізгеннен кейін, олар қызметін жалғастыру үшін Ақтөбе қаласына бет алды.
Айта кетейік, құқықтық тәртіп әскерлерінің авиациясы табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге белсенді қатысуда. Бүгінгі таңда Қазақстан Ұлттық ұланының 2 Y-8 әскери-көліктік ұшағы және 3 Ми-171Е тікұшағы жұмылдырылды. Олар қазірдің өзінде 1200-ден астам адамды эвакуациялап, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 91 тоннадан астам гуманитарлық жүк жеткізді.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі