Астанада Ұлттық ұланның Әскери кеңесі өтті

Астанада Ұлттық ұланның Әскери кеңесі өтті

Астанада Ұлттық ұланның Әскери кеңесі өтті

 

Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановтың басшылығымен Әскери кеңес мүшелерінің, ҰҰ БҚ Бас басқармаларының (басқармаларының), орталықтарының, дербес бөлімдері мен қызметтерінің бастықтарының қатысуымен әскери кеңес өтті.

Бейнеконференция форматында өткізілген жиынға өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары, ҰҰ академиясының бастығы және олардың орынбасарлары, сондай-ақ әскери бөлімдердің командирлері, өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдердің әскери полиция басқармаларының (бөлімдерінің, қызметтерінің) бастықтары қосылды.

Әскери кеңес отырысының күн тәртібінде Ұлттық ұланның 2024 жылдың 1 тоқсанындағы қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеті мен әскерлерді сандық және сапалық тұрғыда нығайту жөніндегі жұмыстың нәтижелері қаралды.

«Биылғы 1 тоқсандағы әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен алдағы кезеңге арналған басым міндеттер туралы» баяндамамен Бас жедел басқарманың бастығы полковник Ерлан Жақыпов сөз сөйледі. Содан кейін өткен кезеңдегі жауынгерлік қызметтің жай-күйі және алдағы уақыттағы басым міндеттер туралы Жауынгерлік қызмет бас басқармасының бастығы полковник Юрий Малицкий баяндады.

Өткен кезеңде әскерлерде әскери тәртіпті нығайту бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы ТжӘҚЖ Бас басқармасының бастығы полковник Александр Крамар айтып берді. Кадрлар және жоғары білім басқармасының бастығы генерал-майор Нұрбол Миртаев «Әскерлерді сандық және сапалық тұрғыда нығайту жөніндегі жұмыстың нәтижелері туралы» баяндамасында келісімшарт бойынша әскери қызметшілер санатын жасақтау мәселесін қозғады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери кеңесі бірінші тоқсан барысында атқарылған қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетінің нәтижелеріне тоқталды. Кеңеске қатысушылар әскерлердің жедел-қызметтік дайындығы тиісті деңгейде сақталатынын атап өтті.

Айта кетейік, 2024 жылдың 1 тоқсанында Ұлттық ұланның әскери бөлімдері департаменттердің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, жауынгерлік қызметтің міндеттерін толық көлемде орындады.

Іс-шара соңында Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов жауынгерлік қызметтің міндеттерін сапалы орындауды қамтамасыз етуге, оның барлық кезеңдерінде лауазымды тұлғалардың жауынгерлік қызметті даярлау және атқаруын тексеру жүйесіне бақылауды қатаңдатуға, күзетілетін объектілердегі жедел жағдайдың асқынуына жол бермеуге және жауынгерлік қызметтің міндеттерін орындайтын офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге қызметтік жүктемені біркелкі бөлуге назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қызметке тарту жөніндегі жұмысты күшейту және Ұлттық ұлан академиясы мен шет елдердің әскери жоғары оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыстарды сапалы ұйымдастыру міндетін қойды.

Айта кету керек, Ұлттық ұлан бөлімшелері өткен тоқсанда өзара іс-қимыл жасайтын органдармен бірлесіп қоғамдық тәртіпті нығайтуға, іздестіру іс-шараларын жүргізуге, сондай-ақ табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде су тасқынына тосықауыл қою жұмыстарына қатысты.

Әскерлердің жеке құрамы биылғы су тасқынына байланысты халыққа белсенді көмек көрсетіп жатыр. Бүгінде Ұлттық ұланның 2700-ден аса әскери қызметшісі су тасқынына қарсы іс-шараларға атсалысып жүр.

 

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі